Ескі жұртта – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Ескі жұртта» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 878
Біздің ел қонған боз дала мынау,
бөздей боп тозып кеткен бе-ей?!
Боз самал соқса, қозғалады қау
мұңлы бір әуен өпкендей.
Жол жатыр, әне, қайыс таспадай.
Соңғы көш өткен бұл жермен.
Қабырғам оған қайыспас қалай,
шөп-шөлкем жауып үлгерген.
Бұлты да кеше қалың бұл аспан
жалбыр тон киген шұрқ тесік.
Бұлағым, әне, салынды басқан,
қолыммен алдым құрт көсіп.
Шатырлы боз үй орыны қапты,
Мен өсіп едім бұл үйде.
Тірілер көшіп, қорымы қапты,
Не істейін уақыт-дүлейге?!
Боз орда сайын бір-бір антенна
әуеге басын шұлғитын.
Батырып қызыл Күнді бар ферма,
ғаламды тыңдап мүлгитін.
Жанымды бір мұң үңгиді жұртта,
Сүңгимін көзім жасына.
Молалар ғана мүлгиді ымыртта
бір-бір Ай қадап басына...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ескі жұртта өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Ескі жұртта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ескі жұртта өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ескі жұртта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері