Жезқазған. Қола дәуірі – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Жезқазған. Қола дәуірі» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 879
Қара жердің қарт тәніне үңілдім,
Көктегі Күн әулиеге сыйындым.
Жер астында көне қола дәуірі,
Күн астында өркениет дауылы.
Қайла-заман үңгіп ойып қоң етін,
Сары даланың сыздап тұр-ау бауыры.
Жер астында Күн көрікті кеніші,
Жер бетінде күнделікті керісі.
Аяр заман біз өкшемен піскілеп,
Қара жердің жұқарғандай терісі.
Көл түбінде тұнып қалса қоқсығы,
Күн түбінде «Степлагтың» өксігі.
Тотияйын татып кеткен шер-тағдыр,
Шемен болып қатып кеткен көп сыры.
Ақ аспанның айлағындай боз далам,
Қойлыбайдың қобызындай боздаған.
Күннен де ыстық мыс қазаным өрт-өзек,
Саф алтынға алмастырмас Жез қалам!
Топырағында қола дәуірі қызуы,
Ауасында өркениет құзыры.
Күнікей күн көне жұрттан көшерде,
Мыс та болса тастап кеткен жүзігі.
Көкірегіме көктің нұры құйылып,
Өзегіме жердің нәрі жиылып.
Жезді қала, аттанғанмын сапарға,
Кеңгір атам аруағына сыйынып!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жезқазған. Қола дәуірі өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Жезқазған. Қола дәуірі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жезқазған. Қола дәуірі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жезқазған. Қола дәуірі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері