Ән қанатында – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ән қанатында» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1403
Бал сәби тәрізді бір жөргектегі,
Жасымнан ән мен өлең тербеп мені,
Көгершін көңіл соның қанатында
Арманға бастап алыс келмеп пе еді!
Аққу ән асқар барған, аспандаған,
Қай құз бар сен қалықтап қасқармаған!
Жалыңнан айырылмағам сайыпкердей,
Көзімнен шағында да жас парлаған.
Бұл күнде ақ тұйғын ән сынар қанат,
Қыруар өмір жүгін жүр арқалап.
Қияда құс қанаты жетіледі,
Тұрар ма шың аңсамай шынар талап.
Маған да ән ұсынады ақ қанатын,
Жайым жоқ іркілетін, тоқталатын
Асығам, үлгірмеген істерім көп
Сыры кеп өмірдің мен ақтаратын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ән қанатында өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ән қанатында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ән қанатында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ән қанатында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері