Мені еске ал – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Мені еске ал» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1018
Буыны қатып жас құрақ
Марқайған шақта, мені еске ал.
Мұңды ойға батып жапырақ
Сарғайған шақта, мені еске ал.
Ақша бұлт болып аспанды
Кезгенде көңілің, мені еске ал.
Ақ тамұқ сынды жалғыздық
Сезгенде жаның, мені еске ал.
Адасып қалған тобынан
Сыңар қу көрсең, мені еске ал.
Жапанда желдің өтінде
Шынар гүл көрсең, мені еске ал.
Шым батып, маңып ойменен
Орманды кезсең, мені, еске ал.
Сыздатып жаныңды ауыртқан
Сағыныш сезсең, мені еске ал.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мені еске ал өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Мені еске ал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мені еске ал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мені еске ал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері