Құс секілді құба даусын құлатып – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Құс секілді құба даусын құлатып» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 658
Болашаққа біздер солай жол алдық,
Аппақ,адал сезімдерді обал ғып.
Бұлдыр-бұлдыр елестерді қуалап,
Бұйра-бұйра бұлтқа сіңіп жоғалдық.

Сезбеппіз-ау! көктем ғұмыр өткенін,
Күтіп жүріп саралақаз жеткенін.
Буаз бұлттар қарындарын сүйреткен,
Ақ жауынаға айналып бір төкпедің.

Біздің солай екі айрылған жолымыз,
Тағдырдан ғой бағымызда,сорымыз,
Қолын бұлғап әлсін-әлсін шақырат,
Сағынышқа толы күз...

Біздер мәңгі жолықпайтын шығармыз,
Көңілмен бір толықпайтын шығармыз,
Үміттердің шамы қалғып кеудеде,
Үнсіз іштен тынармыз.

Бұла-бұла сезімдерді обал ғып,
Қобалжыдық қорқынышқа тоналдық.
Құс секілді құба даусын құлатып,
Құрақ-құрақ бұлтқа сіңіп жоғалдық...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құс секілді құба даусын құлатып өлеңінің авторы кім?

Гүлманат Әуелхан — осы өлеңнің авторы.

Құс секілді құба даусын құлатып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құс секілді құба даусын құлатып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлманат Әуелхан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құс секілді құба даусын құлатып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері