Мына өмір

Бұл бетте «Мына өмір» атты Гүлманат Әуелхан жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1294
Тегештегі отырғызған гүл сынды,
Аспан жақтан құйылатын нұр сынды.
Тым тұңғиық тұнып жатқан мұң сынды,
Мың қиялға бойлай берем бір сырлы.
Мынау өмір айтылмаған шын сынды,
Құмырадан атып шығар жын сынды.
Теңіздерді жұтып жатқан құм сынды.
Жұлдыздарды жалмап алған түн сынды.
Беделдерге құл боп кеткен саналар,
Бұл адамдар жасырды шын сырды...
Белгісіз бір бағыттарға жол алған,
Мына өмір арман сынды жоғалған.
Әулиелік жеріп кеткен секілді,
Мейіріммен махаббаттан тоалған...
Мына өмір...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мына өмір өлеңінің авторы кім?

Гүлманат Әуелхан — осы өлеңнің авторы.

Мына өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мына өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мына өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері