Бүгін сенің туған күнің екен ғой – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Бүгін сенің туған күнің екен ғой» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 2011
Бүгін сенің туған күнің екен ғой,
Өмір деген кейде тәтті шекер ғой.
Кей шақтарда мазалайды бекерге ой.
Жүрегімді құлыптадым кеудеме,
Босап кетсе ,саған ұшып кетердей!!!
Өлген үміт көзін ашып қабірден,
Жүрегімнің жарасына табылды ем.
Көкке қарап елесіңмен қауышам,
Тілдескендей Тәңірмен...
Кешірерсің асып кетсем әлімнен!!!
Бүгін сенің туған күнің екен ғой...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері