Ақ нұрдан жаралған – Нұрбол Құдайберген

Бұл бетте «Ақ нұрдан жаралған» атты Нұрбол Құдайберген жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.02.2021
  • 0
  • 0
  • 982
Қиялдың қиығы жарқ етті тасына,
Көлеңке ебелек түсірді басыма.
Сол ақын асқар тау, ол мүмкін ай-жұлдыз,
Болса да тым нәзік келеді-ау жасына.
Сыңарсыз қайғысы, сыңарсыз теңеуі,
Толқындай жартасқа соқтығып келеді.
Тағдырдың талайғы тәлкегін тартса да,
Жалынды жыры бар жалғыз-ақ жебеуі.
Жаны бар жұп-жұмыр, жүрегі-мақтадан,
Сондықтан ақынның барлығы ақ маған,
Әулиелік әуенін айтатын асылдың,
Әурелік әлегін ешқашан ақтаман.
Себебі ақындық бұлқынған жүректен,
Қап-қара күнәлі кірленген түнекке,
Арайлы таңдардың жаршысы секілді,
Қаһарлы патшаның жарғысы секілді,
Фәнидің кеңдігі-тар тұсы секілді,
Ананың балаға алғысы секілді,
Бейкүнә жетімнің қарғысы секілді
Қараңғы түннен де жұлдыздан нәр алған
Ақын ғой, ақындар ақ нұрдан жаралған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ нұрдан жаралған өлеңінің авторы кім?

Нұрбол Құдайберген — осы өлеңнің авторы.

Ақ нұрдан жаралған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ нұрдан жаралған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбол Құдайберген өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ нұрдан жаралған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері