Үрейді алып, мысты басып – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Үрейді алып, мысты басып» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 629
Үрейді алып, мысты басып,
Қарашықты шел қаптады.
Мына күннің ыстығы асып,
Ми қайнатты шөлде аптабы.
Сексеуілдер ыңырсыды,
Шағыл төбе жылап тағы.
Таусылмайды ғұмыр сыны,
Суды сарқты бұлақтағы.
Құдай көзі сөнді, семді,
Бұрыннан да соқыр-тұғын.
Күту бекер енді «селді»,
Таппай жүрек отыр тыным.
... Мүлде қайтып ұшпағаның,
Болар еді Айға ләзім.
... Жұтпасыншы Үштағаның,
Қайда менің жайнамазым?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үрейді алып, мысты басып өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Үрейді алып, мысты басып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үрейді алып, мысты басып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үрейді алып, мысты басып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері