Бұл бетте «А...ға» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
27.09.2021
0
0
1229
Тағдыр сені тоқ қылды,
торықпа, дос, мықты бол.
Құшып ең бір шоқ гүлді,
тікенек боп шықты ол.
Құмай ғой деп мөлитіп
асырап ең бір итті,
төбет болып ол итің
өзіңе үріп тыритты.
Суып кеттің, — бұ да анық,
суындырмай қойды ма:
жібек тағып сыланып
кірген жылан қойныңа.
Ерегіссең ал енді
еліңе жүр, тоқты бақ.
Хайуанат көп әлемде,
сендей кісі жоқ бірақ.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі