Сен менің аққу қазым қалықтаған – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Сен менің аққу қазым қалықтаған» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 866
Сен менің аққу қазым қалықтаған,
Сәбидей күлімдейсің шалықтаған.
Көзіңе көзім түссе оқыстан бір,
Күй кешем алашабыр жан ұқпаған.
Жүректі от шарпиды лапылдаған,
Жаһұттай көрінеді затың маған.
Бір тәмсіл тіл ұшына оралады,
Мылтықтай оқ салынып, атылмаған.
Алаңдап оянамын ертеңгілік,
Алдымнан шығатындай еркем күліп.
Нұрыңа бөлейсің ғой бар алапты,
Жаныңның жібегінен желкен құрып.
Қалайша құнықтырдың қылығыңа?
Батамын қалың ойдың жылымына.
Біздерді жарақаттап жүрмес пе екен?
Сырт көздің сумаңдаған сұғы мына ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен менің аққу қазым қалықтаған өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Сен менің аққу қазым қалықтаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен менің аққу қазым қалықтаған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен менің аққу қазым қалықтаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері