Бурылтай – Біржан сал Қожағұлұлы

Бұл бетте «Бурылтай» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 0
  • 12046
I ТҮРI
Таңбасы жоқ, ені жоқ Бурылтайдың,
Сағасы өткел бермейді терең сайдың.
Құба жонға жүгіртіп шыға келсем,
Жұрты жатыр, өзі жоқ қалқатайдың.

Қайырмасы:
Ақау бикем, жар-жар,
Алма мойын, ақ сұңқар.
Қош есен бол құрбым-ай!
Құрбылықпен жүрдім-ай,
Ақау айдай, жариям айдай,
Жардың көңілін қалдырма қыз қалқатай.

II ТҮРІ
Таңбасы жоқ, ені бар Бурылтайдың,
Сағасы өткел бермейді-ау терең сайдың.
Жүгіріп құба дөңге-ай шыға келсем,
Жұрты жатыр, өзі-ай жоқ қалқатайдың-ау.

Қайырмасы:

Шалушы-ед түйе барып талдың басын,
Кетіп ем болжау қылып, ай-ау, жардың тасын.
Жеріңнен болжалдасқан-ай табылмасаң,
Сыпыра төгіп кетем, ай-ау көздің жасын.

Қайырмасы:

ІІІ ТҮРI
Қамшы бастым асыға Бурылтайға,
Өткел бермей тоқтатқан терең сай ма?
Жұрт жаңғыртып орнынан бір күн түнде,
Қалқатайдың ауылы кетті қайда?

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бурылтай өлеңінің авторы кім?

Біржан сал Қожағұлұлы — осы өлеңнің авторы.

Бурылтай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бурылтай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Біржан сал Қожағұлұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бурылтай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері