Шырағым менің, шырағым – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Шырағым менің, шырағым» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1204
Шырағым менің, шырағым,
Жаныңды басқан сірә мұң.
Жойдасыз болды
Төтеннен
Ойланбай қойған сұрағым.
Кеудеңді керсе нала-мұң,
Уайымы артса сананың.
Тар болып кетер дүние,
Кеңдігін қайтем даланың.
Шырылдап қалар боздақ үн,
Боздаған үнді созба дым.
Кездейсоқ келіп төтеннен,
Дертіңді кенет қозғадым.
... Сенің де тулар жүрегің,
Мен де өксіп өмір сүремін.
Сен батсаң мұңға құсалы,
Мен шегіп сорды жүремін ....


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шырағым менің, шырағым өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Шырағым менің, шырағым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шырағым менің, шырағым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шырағым менің, шырағым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері