Бұл бетте «Қимайды көңіл» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Біреуге ерте бұл ажал,
Біреуге кештеп келуде.
Білмесең де, өмірде
Қимайды көңіл өлімге...
Біреуге ерте бұл ажал,
Біреуге кештеп келуде.
Шырағың сөнді-ау сенің де,
Қимайды көңіл сенуге...
Иесіз үйдің төрінде
Көз жасын біреу төгуде...
Сыйласпай тірі кезінде,
Егіл мейлің, егілме,
Қимайды көңіл өлімге...
Десе-дағы жетілдік,
Көрді ме кейде жетімдік...
Кешті екен бастан не тірлік,
Өмірден кетті өкіндік...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі