Көкек – Біржан сал Қожағұлұлы

Бұл бетте «Көкек» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 3
  • 22962
Аты жоқ құс болады көкек деген,
Алдында терезенің секектеген.
Ойымда үш ұйықтасам, бар ма менің
Айырылып сені, сәулем, кетед деген
Кім сүймес шешек атқан көкек айын,
Бейне жаз менің сүйген сәулетайым.
Ақ қалқам отыр ма екен, жатыр ма екен,
Ей, көкек, ұшып барып білші жайын !
Шекеңе селдіретіп айдар тағып,
"Көкек" деп бос жүргенше секең қағып.
Қосайын өле - өлгенше мен әніме,
Қалқадан хабар әкел, ұшып барып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (3)

Айсұлу

өлеңдерді тауып бергендеріңізге көп-көп рахмет.

Эльмира

Тамаша

Аружан

Көкек әні керек

Осы автордың басқа өлеңдері