Қара ат көрдім жапанда лаға безген

Бұл бетте «Қара ат көрдім жапанда лаға безген» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 890
Қара ат көрдім жапанда лаға безген,
Сәйгүлікке құмар ем бала кезден.
Ұлытауды кісінеп үш айналды,
Мөлт-мөлт етіп ыстық жас тана көзден.
Жоғалтты ма иесін қапияда,
Жылқы есті ғой, жуымас жат ұяға.
Шылбырынан бәз біреу ұстамақшы,
Көлденең мал – тар келмес тақияға.
Жақындатпай жануар қашқақтады,
Қасқа жолға тік салды тастақтағы.
Жарқылдады күміс ер күн көзімен,
Қарап тұрды мына әлем, қас қақпады.
Тауға шықты тоқталмай, салып-ұрып,
Қала берді бөгде жан санын ұрып.
Таңы айрылды соңынан жүгірем деп,
Бетін жыртты долдана салы құрып.
Жылқы жыным бар ма осы тегі, менің,
Сымбатына көз тоймай келіп едім.
Моласында тұр екен қара саңлақ,
Баяғыда мерт болған Едігенің.
Екі аяқтың емес ем есалаңы,
Қалқан етіп тығылдым қос обаны.
Қара жерді тарпиды тыным алмай,
Кісінейді – көңілім босағаны.
Шықты кенет Едіге моласынан,
Сипалады жалынан, жаясынан.
Басын сүйеп тұрды аты иығына,
Жас ағады көзінің аясынан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара ат көрдім жапанда лаға безген өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Қара ат көрдім жапанда лаға безген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара ат көрдім жапанда лаға безген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара ат көрдім жапанда лаға безген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері