Сарышұнақ кірпікке шық байлатып

Бұл бетте «Сарышұнақ кірпікке шық байлатып» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 868
Сарышұнақ кірпікке шық байлатып.
Құлақтанды күн тағы шықпай жатып,
Наурызың келгенмен, ірге – Сібір
Көкек бәлкім тартар ма шыттай бақыт?..
Сықырлаған сары аяз дірдектетті,
Алма беті арудың сір боп кетті.
Қабырғасы ырсиған қоңыр тоқты,
Дым қуғызып, тағдыры тірнектетті.
Әз жүгірмей, бір түрлі алаңдадым,
Даламда мұң жатқандай қаламда мұң.
Сені көрсем әйтеуір далиямын,
Шуағына бөлейді балаң жаның.
Бір жылылық құйылар құнықтырар,
Жанарыңда сыр қалың тұнып тұрар.
... Сұрапылдың сойқаны басталардай,
Мына әлемді ес-түссіз ұмыттырар ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сарышұнақ кірпікке шық байлатып өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Сарышұнақ кірпікке шық байлатып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сарышұнақ кірпікке шық байлатып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сарышұнақ кірпікке шық байлатып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері