Жамбас сипар – Біржан сал Қожағұлұлы

Бұл бетте «Жамбас сипар» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 0
  • 15481
Ұшына орамалдың түйдім сусар,
Көп жылқы көк алалы көлде жусар.
Кешегі ел қыдырған есер шақта,
Ән еді Біржан салған "Жамбас сипар".
Деген соң, біз қартайдық, біз қартайдық,
Белгілі қартайганның серттен тайдық.
Қанекей, соныменен шыққан мүйіз,
Қасына сұлу қыздың көп жантайдық.
Берген соң, тәңірім өмір, ақ бас болдық,
Келін мен балаға да жақпас болдық.
Көрген соң көзі құрғыр шыдай алмай,
Таппайтын адам ебін қақбас болдық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жамбас сипар өлеңінің авторы кім?

Біржан сал Қожағұлұлы — осы өлеңнің авторы.

Жамбас сипар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жамбас сипар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Біржан сал Қожағұлұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жамбас сипар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері