Жанбота

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 3
  • 31351
Жанбота, осы ме еді өлген жерім,
Көкшетау боқтығына көмген жерің?
Кісісін бір болыстың біреу сабап,
Бар ма еді статьяда көрген жерің?
Жанбота, өзің - болыс, әкең - Қарпық.
Ішінде сегіз болыс шенің артық.
Өзіңдей Азнабайдың поштабайы,
Қолымнан домбырамды алды тартып.
Тартса да, домбырамды бергенім жоқ,
Есерді поштабайдай көргенім жоқ.
Қамшымен топ ішінде ұрып еді,
Намыстан, уа, дариға, өлгенім жоқ.


Пікірлер (3)

жакып меиіргүл

Жанбота намысшыл жəне т.б

ару

жанбота әнінің шығу тарихы зерттелген бе егер зерттелген босла маған сол туралы мәлімет керек еді көмектесіп жібересіздер ме

Aiganim

Birjan sara aitisi

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанбота өлеңінің авторы кім?

Біржан сал Қожағұлұлы — осы өлеңнің авторы.

Жанбота өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жанбота өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Біржан сал Қожағұлұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанбота өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері