Телқоңыр

Бұл бетте «Телқоңыр» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 0
  • 8825
I ТҮРI
Телқоңыр қайтып кетті елге таман
Ит-құстан барар ма екен есен-аман?
Ит-құстан аман-есен бара қалсаң,
Сәлемді үш қайтара айттым саған.
Жүгіріп жалаң аяқ шықтым қырға,
Басқаға жолда тұрған мойның бұрма.
Кеткенде аулың шалғай, беу қарағым,
Салсайшы өзімдей қып «Телқоңырға!»

II ТҮРI
Жүйрік ат, қыран бүркіт, қазан атым,
Құлақ сал «Телқоңырға», азаматым!
Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,
Тез жеткіз Телқоңырдың аманатын.
Телқоңыр қайтып кетті елге таман,
Ит-құстан барар ма екен есен-аман.
Қалқаға үш қайтара айттым сәлем,
Ит-құстан бара қалса есен-аман.

ІІI TYPI
Телқоңыр қайтып кетті елге таман,
Ит-құстан барар ма екен есен-аман?
Ит-құстан барса жақсы есен-аман,
Дау-жанжал бүліншілік елім жаман.
Жібердім Телқоңырды елге бар деп,
Жүруге бұл өлкеде жолың тар деп.
Жаныма бағалаған жануарым,
Шығардым осы әнімді саған арнап.

IV TҮРI
Телқоңыр қайтып кетті елге таман,
Ит-құстан барар ма екен есен-аман?
Ит-құстан қалса егер есен-аман,
Қалқаға үш қайтара-ау, шіркін, айттым сәлем.
Жүгіртіп жалаң аяқ шықтым қырға,
Басқаға жолда тұрған, шіркін, мойның бұрмай
Басқаға жолда тұрған мойның бұрсаң,
Біржанды зар қыларсың «Телқоңырға».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Телқоңыр өлеңінің авторы кім?

Біржан сал Қожағұлұлы — осы өлеңнің авторы.

Телқоңыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Телқоңыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Біржан сал Қожағұлұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Телқоңыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері