Шалма ора басыма, тәж ғып маған

Бұл бетте «Шалма ора басыма, тәж ғып маған» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 684
(1815)

Шалма ора басыма, тәж ғып маған.
Шырай берер сол мата жарқыраған.
Иранды билегенде, Аббас шахтың,
Маңдайы мұндай тәжбен сән құрмаған.
Ескендір де басына шалма ораған,
Бұйра шашын тозаңға шалдырмаған,
Талай жұрттың болды ол падишасы,
Асылдардан артық ол жалтылдаған.
Біздің король мейлі ғой тәж дей берсін,
Атын қайтем? Ондай ат тез өзгерсін.
Інжу-маржан! Мадақта, ынтызарлар!
Ал маған шәйі жібек көрік берсін.
Уа, сүйіктім! Қайтемін тәжіңді мен?
Маңдайымды орашы, ақ жібекпен.
Қайтемін мен сұлтанның мәртебесін,
Көз шұғылаң түссе тек — шалқып кетем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шалма ора басыма, тәж ғып маған өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Шалма ора басыма, тәж ғып маған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шалма ора басыма, тәж ғып маған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шалма ора басыма, тәж ғып маған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері