Жылжиды түнім, жылжиды – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Жылжиды түнім, жылжиды» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2190
Жылжиды түнім, жылжиды,
Бу-айдында гүл жүзді.
Көкжиек-обыр қылғиды
Төбемнен өткен жұлдызды;

Батады жұлдыз, кәрі аспан
Батысқа аунап түсті бір.
Қараңғы, жарық таласқан –
Төменде оттар, үсте іңір...

Кетеді ой кейде түңілтіп,
Алдайды кейде арманмен.
Бітірмесем бүгін түк,
Ұяламын-ау таңнан мен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері