Қару байлап, қол бастап – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қару байлап, қол бастап» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1458
Қару байлап, қол бастап,
көзін тігіп жонға асқақ,
аузында – ел, зор мақсат
ерліктерге оқталған
болмысында батылдығы жоқтардан
батырлықты күтпе сен!
Шешенсіген алқынып,
қанында жоқ қасиетке талпынып,
ақылды сөз айтамын деп шарқ ұрып,
арыстан да, данышпан да өзі боп,
ары жағында өзіндік бір сөзі жоқ
«ақылдыдан»
даналықты күтпе сен!
Дос қамы мен бас қамы
ұмыттырып басқаны,
биліксіздер – жасқары,
адалдықты айырбастар шеніне
адамдардан
еліңе
ағалықты күтпе сен!
Халық мұңын шерткен боп,
елге жауды тепкен боп,
халық атын, абыройын жамылып,
мансабы мен атағы үшін басының
сатуға әзір асылын
адамдардан
адалдықты күтпе сен!
…Мейлі менің кете берсін жұртта есем –
мұндайлардан бас жібімді күрт кесем!
1984


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері