Құстардың үнінде – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Құстардың үнінде» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 680
Құстардың үнінде,
Ғашықтар тілінде,
Жер жаһан гүлінде –
Лирика.
Даланың желінде,
Аспанның көгінде,
Осынау өмірде –
Лирика.
Арудың назында,
Өмірдің жазында,
Ғасырлар сазында –
Лирика.
Төрт мезгіл маусымда,
Ақиық тау шыңда,
Жаңғырған даусында –
Лирика.
Бұлт болып жүзгенім,
Үмітті үзбедім,
Мен сені іздедім –
Лирика.
Қуаныш, мұңыммен,
Іздедім Күнімнен,
Жұлдызды түнімнен –
Лирика.
Айналған сағымға,
Тамырым, қанымда,
Жүрегім, жанымда –
Лирика.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері