Баспагерге базына

Бұл бетте «Баспагерге базына» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 577
Дейсің-ау: «Өлең – шығын,
өлең – шығын»
Осы ма өзекжарды өрең, шының?
Көзіме елестеді,
Сені көріп,
Ызыңдап құлақ-миды жеген шыбын...
Қашанғы қамың болса қара бақыр,
Өлеңге туғаны да заманақыр!..
Тозақтың тоғытпақ па ең қазанына
Қазақтың қара өлеңін балаң оқыр?
Өңінде өрттей қызыл қаны ойнаған
Өлеңім құнсыз десе,
Қалай нанам?!
Апырай, тірі болса,
Бұл сөзіңе
Қалайша қарар еді Абай бабаң?
Замана жаңарғалы, көнергелі
Ақын мен Өлең шіркін не көрмеді?..
Естісе бұл сөзіңді Мұқағали,
Кім білсін,
«Қызталақ...» деп сөгер ме еді.
Өзіңдей бал бөбегін жөргектегі
Көз ілмей талбесікте тербеткелі..,
Бұл Өлең алғаш рет құлағыңа
Анаңның «Əлдиімен» енбеп пе еді?!
Амал не,
Ағайынды баспадағы
Аздырса бақыр қамы, ақша қамы.
Тақпағын аузындағы тартып алсаң,
Балаңа бағаң қанша бақшадағы?!
Тұрғанда астыңда жер,
Төбеңде көк
Өмірге Өлең керек!
Өлең керек!
Атадан қалған асыл мұра болса,
Қалайша қадірі оның төмендемек?
Адамның əлімсақтан азық, əні
Өлмейді!
Өлең əлі жазылады!
Қорламай,
Қолдан келсе қорғау лазым
Бабадан қалған асыл қазынаны!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баспагерге базына өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Баспагерге базына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баспагерге базына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баспагерге базына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері