Өмір кезек (50 жылдыққа достарға арналған өлең) – Серік Рахымұлы

Бұл бетте «Өмір кезек (50 жылдыққа достарға арналған өлең)» атты Серік Рахымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Өмір өтіп барады,өмір өтіп,
Қартайып күннен-күнге маза кетіп.
Қайта келмес сапарға аттанармыз,
Ол жақтан бір күндері хабар жетіп.

Замандас қатарымыз сиремесін,
Төтеннен бəле-жала түйремесін.
Күліп-ойнап жүрейік бұл өмірде,
Сыйластық арадағы үзілмесін.

Сыйластық арадағы үзілмесін,
Жақсы əдет артта қалар біз кеткесін.
Біреуің теріс жолға түскен кезде,
Көптеп,көмектесіп түзеткесін.

Көзіме ең бірінші көрінетін,
Досына шын пейілмен берілетін.
Сендерді сағынанмын,сағынанмын,
Əзіл айтып көңілді көтеретін.

Адамдық қасиетті түсінетін,
Жасқа келдік айтатын өсиетін.
Тəңір ием біздерге өмір берсін,
Өнегелі сөз айтып көсілтетін.

Тірісің,жүректерің дүрсілдесін,
Ешқашан ауырмасын,күрсінбесін.
Өзіңді артық санап басқалардан,
Мəңгі тірі жүрердей шіренбессің.

Өмір өтіп барады,өмір өтіп,
Өзіне жақпағанды соңына ертіп.
Олардың өмірлерін жалғастырар,
Келешек ұрпақтары кезек күтіп.

Өмірге біреу келер,біреу кетер,
Білерсің мына жалған өтіп кетер.
Замандас бір-біріңді құрметтей біл,
Өмірден жақсы да өтер,жаман да өтер.


Пікірлер (8)

Bibifatima

Керемет Шабытыңыз ашыла берсін

Bibifatima

Тамаша

Bibifatima

Тамаша

Bibifatima

Тамаша керемет қаламыңыздың қарымтасы қайтпасын

Bibifatima

Тамаша керемет қаламыңыздың қарымтасы қайтпасын

Bibifatima

Тамаша керемет қаламыңыздың қарымтасы қайтпасын

Аяла

Фаризаның өлендеріне ғашықпым

Myrza

Өте керемет!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір кезек (50 жылдыққа достарға арналған өлең) өлеңінің авторы кім?

Серік Рахымұлы — осы өлеңнің авторы.

Өмір кезек (50 жылдыққа достарға арналған өлең) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір кезек (50 жылдыққа достарға арналған өлең) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Рахымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмір кезек (50 жылдыққа достарға арналған өлең) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері