Құбыламда қулық көп, ебімде – елес

Бұл бетте «Құбыламда қулық көп, ебімде – елес» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 670
Құбыламда қулық көп, ебімде – елес,
Желбуаз боп қу бедеу желіндемес.
Құрығымды қолға ұстап қалмайыншы,
Қиқулады құзғындар – тегін де емес.
Түйеқарын барады құйынға дос,
Тігер екен қай жерге биылға қос?
Сан-сапалақ сауалдар сандалады,
Ебелектей елпеңдеп миымда бос.
Мәстекінің тасыды мейманасы,
Адамзаттың сорлады кей баласы.
Пәруайсыз дөкірлер жінігеді,
Көкке сауды емшегін кейуанасы.
Бұлттан іздеп жылылық қара түнек,
Қара түнек әлемге баратын ек.
... Құбыламда – қан төгіс, ебімде – егес,
Қорқақтаймын орнымнан – кәрі әкім ек ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құбыламда қулық көп, ебімде – елес өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Құбыламда қулық көп, ебімде – елес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құбыламда қулық көп, ебімде – елес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құбыламда қулық көп, ебімде – елес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері