Ғасыр да тозған, мұқалған

Бұл бетте «Ғасыр да тозған, мұқалған» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 570
Ғасыр да тозған, мұқалған,
Сана да сары, сүрленген.
Жанжалдың оты тұтанған,
Су шашсам ба екен кірленмен?
Пейілі бұзық қоғамның,
Шамасы келсе жейді анық.
Үйімнен шықпай тоналдым,
Сайранды салды кей халық.
Ғасырдың соңы алжыған,
... Талай бас жүр ғой сөлкектеп.
Майланбай қалды қанжығаң,
Тынарсың бір күн көлкектеп ...
Жалғаннан мынау мән қашқан,
Заманның көрдім ақырын.
... Қағанақ қаны тамбастан,
Тіліңдер қоғам жатырын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғасыр да тозған, мұқалған өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Ғасыр да тозған, мұқалған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғасыр да тозған, мұқалған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғасыр да тозған, мұқалған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері