Көлбай - Жанбай

Бұл бетте «Көлбай - Жанбай» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 0
  • 10046
Аржақта отыратын Көлбай - Жанбай,
Шідерімді кім алды, Ләйлім алмай?
Балағы шідерімнің алтын еді.
Асығыстан барамын сұрай алмай.
Көлбай - Жанбай, тыңдашы, асыл тасым -
Біте қайнап, бірге өскен замандасым.
Көктен жел, жерден шайтан әкеткен жоқ,
Ұрлап алған өзіңнің қарындасың.
Сегіз би сиезіне бердім жөнге,
Шідерімді таң қалар көрген пенде.
Шідерімнің бағасын сұрасаңыз,
Бағасы болады оның жүз мың теңге,
Көлбай - Жанбай, дегенге, асыл сүйек,
Бір тәңірден мен жүрмін тілек тілеп,
Форымын шідерімнің сұрасаңыз,
Сап күмістен балағы, алтын тиек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көлбай - Жанбай өлеңінің авторы кім?

Біржан сал Қожағұлұлы — осы өлеңнің авторы.

Көлбай - Жанбай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көлбай - Жанбай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Біржан сал Қожағұлұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көлбай - Жанбай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері