Пенделіктің күлкілдеген күл-өңі – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Пенделіктің күлкілдеген күл-өңі» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 619
Пенделіктің күлкілдеген күл-өңі,
Бетін жайып көлгірсиді,күледі.
Өзгермейді,
Кеудесіне – көң қатқан.
Ал, қаншама сары дала түледі.
Паңдығы да кісіде жоқ, маң басқан,
Қулығы да сұмдықпенен жалғасқан.
Ар жағында қандені бар, қандені,
Сәл қалт етсең ала түсер жамбастан.
Маңғаздардың қасына ерсе – бәкене,
Байпаңдайды қол қусырып, «жәкеңе».
Тепсінеді қарапайым жандарға,
Тіпті әуелі, танытады әкеңе.
Сәл мүлт кетсең сылтың ғылып күледі,
Жүрегінде қарамдықтың түнегі.
Табақ бетін тайынбастан ыржитқан,
Пенделіктің күлкілдейді күл-өңі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пенделіктің күлкілдеген күл-өңі өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Пенделіктің күлкілдеген күл-өңі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пенделіктің күлкілдеген күл-өңі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пенделіктің күлкілдеген күл-өңі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері