Сиқыршы – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Сиқыршы» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1367
«Цирк келді Мәскеуден!»
Жарнамалар,
Билет, билет.
Әрине, барған алар.
«Көзбайлағыш, – дейді ме ел, – ғаламат бір»,
Басын изеп, шұлғыды Арда Ағалар.
Ағылды жұрт: көруге, іркілмеді,
Апарды ертіп досым да бір күн мені.
Жағамды ұстап, еріксіз естен тандым,
Нағыз сиқыр бойында шіркін, тегі.
Ішкі әлемін бөгденнің жаулағанда,
Қалмады адам желікпес дәу қаламда.
Сосын, сосын, қым-қиғаш сенделтті кеп,
Айқай сүрең басталды аула-алаңда.
Бөктірді рас шекпесті анашаға,
Күлдік біздер кенеліп, тамашаға.
Бірін-бірі соғады жынданған жұрт,
Сөзіңді ұғып, көнбейді арашаға.
Міне қара, бірінің ақты қаны,
Ыңырсиды: таусылған ақтық әлі.
Түршігеді жанымның жапырағы,
Көзімдегі күлкі де сап тынады.
Доғарды әйтеу, сиқыршы дүрбелеңін,
Әз жүрегім қиналды бірге менің.
Дірілдеген тәрізді алып жер де,
Емес пе едік үстінде бір кеменің.
Тұрды бір топ ештеме аңғармаған,
«Обал-ай» деп күйінді шалдар маған.
Сиқыршы жүр халыққа тағзым етіп,
Елге әйгілі болуды армандаған.
Дедім іштей:
«Жоғалтпа, байқа, барды»
Қалың қауым «өнерін» айта барды.
... Әлгі топқа бір-бірден билет беріп,
Шақырған-ды циркке қайта оларды.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сиқыршы өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Сиқыршы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сиқыршы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сиқыршы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері