Бұл бетте «Аңсау» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
23.04.2021
0
0
812
Сенсің маған сыралғы жан, сыйлы адам,
Сенің анау жанарыңды жақұттай,
Өзге түгіл өзіме де қимағам,
Сол ғой мені қинаған.
Өзің еркем қымбатым ең қымбаттан,
Бірақ бақтан үркіп ұшқан бұлбұлдай,
Бақытым боп шықтың жатқа ұрлатқан,
Сол ғой маған мұң батқан.
Жан жүрегім соққан дәйім өзің деп,
Аңсарымның аптығы әсте басылмай,
Тайфундары тулаған өр теңіз боп,
Жатам ылғи сені іздеп.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі