Кеңсай – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Кеңсай» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 1
  • 856
Тәттілігін тірліктің бағамдамай,
Аңғармадық өткенін заман қалай.
Балауыздай қысқа – өмір,
Бет жыртысып,
Жара салдық жүрекке алай да олай.
Шәуілдедік қанденше, ырылдадық,
Адамшылық қасиет қырын қалып.
Абұйыр да жұрдай боп тынған еді,
Әр күн сайын жағасы жырымдалып.
Кең әлемге симадық, алшаңдадық,
Лепіресің тіптен де алсаң «қағып»,
Күндеуменен әлдекім күн кешіп жүр,
Өзі апарар биікке жансаң халық.
Әрбіріміз таудаймыз мұнар басқан,
Даңғазамыз көбейді – құлар ма аспан?
Көре алмаймыз болмасты – ішмерездік,
Арамызда шайтандар жүр арбасқан.
Біз екенбіз аңдасақ, пақыр кілең,
Көре алмадым әлі күн батырды мен.
Кеш түсініп, «кешір» деп булығамыз,
Үзілерде кеудеден ақырғы дем.
«Кеңсай» жаққа жайменен жөнелеміз,
Пәс пен биік мүрде боп теңелеміз,
Жер-бесікке бәледен аласталған,
Құндақталып сәбидей бөленеміз.
Құшағы үлкен, жатады аңысты аңдып,
Тіршіліктен қалғанмен алыс, қалғып,
Сиыспаған – сиысар, тірлігінде –
Кім қойды екен «Кеңсай» деп, –
Данышпандық.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеңсай өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Кеңсай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеңсай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеңсай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар