Жапалақтап қар жауды – бұлыңғыр күн – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жапалақтап қар жауды – бұлыңғыр күн» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1444
Жапалақтап қар жауды – бұлыңғыр күн,
Бұлыңғыр күн, өкпекті жұлындырдың.
Шамам қайдан келеді, санам дімкәс,
Қалар ма екен таусылып, мұңым бір күн.
Көктем неткен алдамшы, құбылмалы,
Менің нәзік жанымды ұғынбады.
Көршіміздің баласы қуанып жүр,
Көкек келіп, биесі құлындады.
Жапалақтап қар жауды – қатыбас күн,
Лайсаң жер. Жығылдым. Қапы бастым.
Амандығын білу жоқ қырдағы елдің,
Тоқтап тұрған кезі ғой қатынастың.
Көктем неткен алдамшы – бұлың-сұлың,
Өкпеледім мен саған, мұным – шыным.
Көкөзек шақ, қой баққан шопан мұңды,
Жетіспей тұр бір бұрам шылым... шылым...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Осы автордың басқа өлеңдері