Күмбірлейді домбыра
Бұл бетте «Күмбірлейді домбыра» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күмбірлейді домбыра,
Қозғап Бетпақдаланы.
Басқа дыбыс жоқ, сірә,
Еліктірер сананы.
Екі ішек, сыр білгейсің,
Мұңын шағар ақ сағым.
Кімді көксеп жүр дейсің,
Жез қанатты аңсадым.
Жолға қара, сөз күйік,
Есем – ақын қиялы.
Сыңғыр қақты жезкиік
Қырда алтын тұяғы.
Әне, сонда қосылды
Күй мен тұяқ хабары.
Дүрсілін жүрек өсірді,
Жарқ етті киік жанары.
17.04.2002
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі