Сен жыладың – тірлікке ашынғаның – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Сен жыладың – тірлікке ашынғаның» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 810
Сен жыладың – тірлікке ашынғаның,
Ойран болған әуелде-ақ жасыл бағың.
Нәркестенген көзіңде мұң қаншама,
Тәлкектер де жетеді басыңда мың.
Тимеді ме бір мысқал себім менің?
Жүрегіңді қайғымен желімдедім.
Жұбатудың қажеті жоқ та шығар,
Сыртқа шықсын жаспенен көңілдегің.
Жыла, жыла!
«Қойшы» деп, өтінбедім,
Мен де жаным, ызғардың өтіндемін.
Бір-ақ күнде жат жанға сен айналсаң,
Бөгде болып кетуге бекінгемін.
Жыла, жыла!
Баса алмай солығыңды,
Қарғап-сіле қайырсыз долы күнді.
Жүргеннен соң жер басып, ілдәлдалап,
Күйдірмейді қорлықтың шоғы кімді?
Арманың да беймезгіл қырқылыпты,
Белгілі ғой өмірдің ырқы мықты.
...Аңдамадым көзімнің шарасына,
Лықсып келіп ыстық жас іркіліпті.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен жыладың – тірлікке ашынғаның өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Сен жыладың – тірлікке ашынғаның өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен жыладың – тірлікке ашынғаның өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен жыладың – тірлікке ашынғаның өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері