Сезім әсте кеткендей ме солғындап? – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Сезім әсте кеткендей ме солғындап?» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 917
Сезім әсте кеткендей ме солғындап?
Тоғай кезіп таба алмадым, шолдым бақ.
Оңып қалған жапырақтар көп мүлде,
Өле-өлгенше әрін бермеу – сол қымбат.
Тәттілігін махаббаттың жай ұқтың,
Сезінбессің, жүрегімнен майыппын.
Күнде барып құр қайтамын,
Жиекке
Соғылатын толқынындай Жайықтың.
Көңілімді қара бұлт кеп апшыған,
Сезіміңде бар еді ғой нақ шүбәм.
Күнбағыстай ауа салдың шуаққа,
Кім болды екен бақ-гүлімді қақшыған?
Сезіміңді маған деген сарықтың,
Сонда да мен күтуменен зарықтым.
Болашағым бодан болды бекерге,
Сәулесінен ажырады жарық күн.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сезім әсте кеткендей ме солғындап? өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Сезім әсте кеткендей ме солғындап? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сезім әсте кеткендей ме солғындап? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сезім әсте кеткендей ме солғындап? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері