Колхоз қызы Биғайша
Бұл бетте «Колхоз қызы Биғайша» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Колхоз қызы Биғайша!
Жан екенсің қымбатты.
Айрылармыз қалайша!
Неге шапшаң күн батты?!
Колхоз қызы Биғайша!
Түнгі ұшқындай көздерің!
Шеберлігін ерлігін
Бірінде жоқ өзгенің.
Колхоз қызы Биғайша!
Сөзге сараң, ойға бай,
Айрылармыз қалайша,
Тұра тұршы азғантай!
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі