Ындын

Бұл бетте «Ындын» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1145
Мұрат деген немене?
Мақсатың ба мантыған?
Ымыраға келмейді қисапсыз сөз тантыған.
Діттегенің діңкеңді құртса дағы жеткізбес,
Өмір өтіп жатады, бір өзгермес қалпынан.
Тірмізік сол халменен,
Тырбынасың тырбанып,
Бұйырмаған бақ-дәулет:
Жұртта қойдым құр қалып.
Мен жүргенде мойныма ащы терім құйылып,
Мендік бақыт кетті әне басқаменен ұрланып.
Салғанменен сәңкіні жоқ боп тұр ғой салмағым,
«Көзі түзу болсын, – деп, жұбанамын –
Алланың».
Талай жерге бардым да бетім қайтты,
Шағылып,
Өзіме өзім тоқтау сап,
Келер күнмен алдадым.
Мақсат деген осы ма?
Бармағыңды шайнатқан,
Барар жерге барғызбай, бақты қолмен байлатқан.
Өмір өтіп жатады,
Біреулерге – сыйы мол,
Мендік тағдыр қатып қап, қара қанды қайнатқан.
Үстемелеп қайғымды,
Ойға ой қосып, «оңалттым»,
Қайдағы бір қарақшы –
Қасіретке тоналттың.
Жетек соққан лауқимын,
Мақсат, мүдде – немене?
Арман, қиял – өлген ол.
Құбыламды жоғалттым.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ындын өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Ындын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ындын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ындын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері