Күн ызғарлы суық тым – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Күн ызғарлы суық тым» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1153
«Күн ызғарлы суық тым,
Майы қашқан қуықтың.
Қыз-қыз қайнар кезімді,
Әлдеқашан ұмыттым».
Деген еді
Оралхан,
Жеңіл ғана күрсініп.
Жақындапты
Ор әр таң,
Түгесіліп тіршілік.
Кім аңғарған жайтты анық?
Өте шықты жарық күн.
Тым ертерек қайтты алып,
Сүйіктісін халықтың.
Бурасына мінді ме?
Жаныңда ма кер бұғың?
Марқұм сол сәт білді ме,
Алтайындай өрлігін?
«Атау кере» – парық, құт,
Күллі «Қотан ...» отауың.
Үзілерде жарықтық,
Іше алды ма атауын?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн ызғарлы суық тым өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Күн ызғарлы суық тым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн ызғарлы суық тым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн ызғарлы суық тым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері