Сүйінші
Бұл бетте «Сүйінші» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жақсылықтың жылы лебі
сезілгенде арманым
қуаныштан жүгіреді
тастай салып балдағын.
Күңгірт тартқан кеудесінде
шөккен шабыт шырқап ән.
Жүдеу жанын емдесін деп
Біреу шығар жұмсаған.
Алақанын соғып аспан,
Төкті-ай бүгін ақ нұрын.
Еш ырымға жорымастан
Жүрек тулап жатты мың.
Білсем, сонда миымдағы
мың клетка оянып,
Қайта өзіме бұйырғаны
бағым шығар, ол анық.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі