Қажытып, мезі етті ме сандырағым? – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Қажытып, мезі етті ме сандырағым?» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 817
Қажытып, мезі етті ме сандырағым?
Ой кешіп, көз ілмей-ақ таңға ұрамын.
Әкемнен қалған ептеп бұл жалғанға,
Басталмақ басы менен, бар мұраның.
Өзіңсің енді жалғыз қыр алыбым,
Мен де аға, сахараның қыранымын.
Астына паналатшы қанатыңның,
Жетейін, мауқымды бас, тұра бүгін.
Белгілі, жоқ еді ғой тас қорғаным,
Жеткенмен өзек өртеп достарға әнім.
Жалғанда залалы көп жақсылыққа,
Қалмадым қарқылынан қас қарғаның.
Сондайда көн жарамды қыр емдеген,
Үмітпен жаным қайта түлер деген.
Барып ем, таба алмадым жақын маңнан,
Көңілдің кер бестісін мінерге мен.
Содан ба, әлі күнге пәс келемін,
Ойларым орындалмас әсте менің.
«Жол болсын, бұл сөзіне көп оттаған,
Сыйымды ұқпай кеткен нас неменің».
Демеңіз, сардар аға, шамдана қап,
Кетеді талай білгір жаннан ағат.
Жанымды жәй таптырмай шаттандырар,
Тек қана құба белде самғаған ат.
Тірлікте мен емес ем сый көрмеген,
Болғамын дастархандас билерменен.
Басады мұң-наланы тұлпар ғана,
Кеудемді толастамас күй кернеген.
Барғанда ер-тұрманмен атыңды бер,
Шабам ба, желемін бе – тақым білер.
Мен үшін үлкені осы сый-құрметтің,
Содан соң, Әділді емес: лапылды көр.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қажытып, мезі етті ме сандырағым? өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Қажытып, мезі етті ме сандырағым? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қажытып, мезі етті ме сандырағым? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қажытып, мезі етті ме сандырағым? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері