Суық қолға сұқтырма
Бұл бетте «Суық қолға сұқтырма» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қой терісін жамылып,
Бөлтірігі қасқырдың
Арадан қалса табылып.
Тапжылдырмай басқа ұрғын.
Табына тартып тап берер,
Бөлтірік істеп бері ісін...
Тойып алып жалт берер
Тағы да бір жем үшін.
Білім, өнер, ұқтың ба,
Кедей ұлы, сен үшін,
Суық қолға сұқтырма,
Октябрьдің жемісін!
1928. Алматы
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі