Желтоқсанның күндері-ай – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Желтоқсанның күндері-ай» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 739
Желтоқсанның күндері-ай
Алашабыр,
Қара суық,
Дірілдер қара шағыр.
Нарын жақта қалшылдап бура біткен,
Күй кешіп жүр
Айшалық тамаша бір.
Көкжал да оған батпайды
Мұндайда анық,
Бой тасалар
Пәтшағар,
Құмды айналып.
Танауратқан немеде ес болмайды,
Түн байланып шабады,
Күн байланып.
Су ішпейді қырық күн
Оттамайды,
Маза тауып бір сәтке тоқтамайды.
Көк моразға малынып,
Шуда қалар,
Қай күн келіп иесі ноқталайды?
Опа таппай маңасың сейілден дым,
Үлек қашса –
Шаттанып, пейілдендің.
Насырыңды қасыса
Шөкпей қойып,
Жұлып алдың өркешін кей інгеннің.
... Қара суық,
дірілдер қарашағыр,
Қарашағыр – қурай ғой аласа бір.
Нарын құмның құтырған буралары,
Желтоқсан да
Өтті ғой ...
Алашабыр ...


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Желтоқсанның күндері-ай өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Желтоқсанның күндері-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Желтоқсанның күндері-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Желтоқсанның күндері-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері