Келбетке – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Келбетке» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 851
Тәп-тәтті қылығың,
Былдырың шырын-бал.
Сеп-селдір тұлымың,
Айналдым мұрыннан.
Асқан бір тентегім,
Ақылдан адасың.
Кәмпитті ен-тегін,
Әжеңнен аласың.
Тілің де «апалап»,
Шыққан ед алғашқы.
Көздерің боталап,
Қуасың Маубасты
Айтпай-ақ «атаны»,
Келдің сен екіге.
Ауыл ек баталы,
Баспас па бетіме?
Мүмкін бұл қата сын,
Тымағын атаңның,
Жастанып жатасың,
Жамылып шапанын.
... Көше еді тым ұзын,
Келеміз пәс өрмен.
Шыр етті уыз үн:
«Ата!» деп.
... әсермен.
Ұстап ап ерше тік,
Ышқырын шортидың.
Тұрдың сен көрсетіп,
Суретін Горькийдің.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келбетке өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Келбетке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келбетке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Келбетке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері