Күл

Бұл бетте «Күл» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1166
От едім мен бір кезде лапылдаған,
Жуымаған еш пенде батыл маған.
Қуаң тартқан сүреңсіз күлге айналдым,
Қонымды ма, білмеймін атым маған?
Өкінішті-ақ, жатырмын күресінде,
Мынау ғана қалғаны бір есімде:
Қылыш соққан балқытып,
«Ел қорғаймын»,
деген ойдың батырлар сүресінде.
Есектердің бұл күні ордасымын,
Намыстанам...
Шыдаймын зорға –
Шыным.
Қыт-қыт етіп тарпынып,
Дән аулайтын,
Тауықтың да қымбатты жолдасымын.
Тәңір менің ісімді
Оңғармаған,
Әу бастан-ақ тұс-тұстан сор қармаған.
Шөгіп жатып небір нар:
«Таң сәрімен –
Жол шексем, – деп, – Меккеге»
Армандаған.
Осы – қуат,
Келемін тәубеге кіл,
Жолықпайды алдымнан зәуде де гүл.
Құйын екеш құйын да
Қорқытады,
Сығыр құдай, көрмейсің,
Әу, неге бұл?!
Күйім осы қазіргі
Сұрқым жаман,
Сөндірді де қашырды шырқымды Адам.
Көшкенінде қаламын құлазып бір,
Келгенінде қарсы алам
Жұртында аман.
... Отпын қазір өзімше лапылдаған,
Күйдіремін сұлуды жақындаған.
Ел аңғармай
Күл болып тынар ма екем?
Естімей-ақ кете ме
Атымды Адам?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күл өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Күл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері