Тым бөлек
Тым бөлек сезімдерді жеткізеді
Тым бөлек жаратылған жүрегімен.
Мұқағали көзімен не көрмеді?
Соның бәрін жазды жыр сөзіменен.
Жанның түбін қазды-дағы тереңдеп
Алтын сөзді, ауыр сөзді ап шықты.
Қаламымен тербеді оны өлеңдеп
Жалғаны жоқ жария етті бар шынды.
Бақытты сөзін оқысаң жолдарынан
Оқып қана бақытқа бөленесің,
Күйігін оқып жас тамады жанарыңнан
Құдірет емей мұны енді не дерсің?
Қасиетін қара сөздің таныттың
Поэзияның теңізін толқын тасыттың
Маңдайына қазақтың бақ қып берген
Мұзбалағы Қарасаздың мың тағызым!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі