Болашаққа көз тастадым – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Болашаққа көз тастадым» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1996
Болашаққа көз тастадым,
Күн салып,
Өмір жарқын болармысың мұншалық?
Келеді екен қазағымның маңдайын,
Құдай көзі түзуленіп,
Нұр шалып.
Сәбилер жүр шапқыласып, шадыман,
Нан піседі бақытыңның табынан.
Ортасында Асан Қайғы
Асалы,
Қыз-жігіттер той-тойлауда
Салып ән.
Айдын көлге аққу ұшып, қонады,
Ырыздыққа Далам менің толады.
Айналсоқтап «былдырлаған»
Қарлығаш,
Қанатымен аяламақ болады.
Болашаққа тесілем де таң қалам,
Бақ болмайды әрбір баста жанбаған.
Әлем әсте бара жатыр өзгеріп,
Құлагерді көзім шалды самғаған.
Бір ақбозды құрбан шалдым жылқыдан,
Осы арманға тез жетсем деп ұмтылам.
Құс жолындай буалдырлау...
Түбінде,
Бақ-дәулетке
Кенелермін шылқыған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болашаққа көз тастадым өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Болашаққа көз тастадым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Болашаққа көз тастадым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болашаққа көз тастадым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері