Алғидың ала шөлі – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Алғидың ала шөлі» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 863
Алғидың ала шөлі ...
Айна тақыр,
Жанымды күйдіргенше,
Қайнат ақыр.
Көк мұнар көк жиекті көлкештейді,
Барсаң да құтылмассың
Қайда, пақыр ...
Шаршысын түзеп тартты шыжыған күн,
Аңылжып тұрған сәтін бұзып алдым.
Шүйліккен шүйіп жүріп,
Түз қыраны,
Айтсаңшы,
Қайда екенін құжыраңның?
Сілтібас тырбық біткен
Қылтанақпын,
Білмейтін сырын мүлде бұ танаптың.
Жұлдызы быжынаған шілде түні,
Қойныңа ал,
Керегі жоқ бұлталақтың.
Ит жылғы өші бардай апшыған Күн,
Қақпайды көкжасықты топшыдан кім?
Жүгірген атанақтай заман мынау,
Ұл қалмас,
Қалады тек жақсыдан мұң.
Алғидың ала шөлі ...
Айна тақыр,
Жанымды күйдіргенше, Қайнат ақыр...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алғидың ала шөлі өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Алғидың ала шөлі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алғидың ала шөлі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алғидың ала шөлі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері