Ертелі-кеш ертеңімді ойлаймын – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Ертелі-кеш ертеңімді ойлаймын» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2048
Ертелі-кеш ертеңімді ойлаймын
Қандай рахат, кездесер деп қандай мұң.
Қандай рахат, болса дағы қандай мұң,
Қарсы алудан қаймықпаймын, танбаймын.
Қарсы аламын.
Тағдыр ма, әлде талан ба,
Рахат пен мұң екі бет қой медальға.
Рахат пен мұң жат болмаса екен тек
Адамзаттың қоғамында адамға.
Сонда, сонда
Мұңның рахат кезі бар,
Рахаттың да артар салмақ, тезі бар.
Рахатыңның сыйла бәрін ертеңге,
Қайғы-мұңның бәрін-бәрін өзің ал.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері